Кіру

Жеке бөлмеге кіру

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
мені есте сақтау

  8(7112)  51-52-26

   8(7112)  51-52-26

1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ

2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының отырысында "ҚР заңына толықтыру енгізу: "Қазақстан Республикасындағы мерекелер" заңы қабылданды.
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің Қазақ елі үшін жасаған еңбегін елеп, ескеру мақсатында күнтізбеге енді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1990 жылдың сәуірінде Қазақ КСР-інің президенті болып тағайындалды. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет ҚР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, Н.Назарбаев 98,7 % дауыспен жеңіске жетті.
1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Президент Назарбаевтің өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлау нәтижесі бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы 79,78% дауыс иеленіп, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

 

Толығырақ...

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi.
ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген.
 Мемлекеттік ту  – көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста  – ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек  – алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы – суретшi Шәкен Ниязбеков.

Толығырақ...

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы

 Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi  –  шаңырақ. Ол – елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ  – мемлекеттiң түп-негiзi  – отбасының бейнесi. Шаңырақ  – Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ  – киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар  – дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар  – қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Әнұраны

Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз болып саналады.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Толығырақ...

Background Image

Header Color

:

Content Color

: