Кіру

Жеке бөлмеге кіру

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
мені есте сақтау

  8(7112)  51-52-26

   8(7112)  51-52-26

«Батыс Қазақстан тарих және археологиялық орталығы»

alt 

Сдықов М.Н тарих ғылымдарының докторы, профессор, Батыс Қазақстан тарих және археологиялық орталығының директоры.

Батыс Қазақстан облысы аймағындағы мәдени мұраларды зерттеу және қорғауға арналған  мамандандырылған арнаулы мекеме. Қазіргі таңда  ұлттық тарих пен мәдениетке деген талаптың, қызығушылықтың артуы кезеңінде, қоғамдағы сұранысты  қанағаттандыру мақсатында , Қазақстан тарихында  тұңғыш рет құрылған мекеме.

Тарих және археология орталығы 20.02.2002 жылы облыс әкімінің шешімінің негізінде құрылды.

Батыс Қазақстан облысында тарих және археология ғылымдарының жаңғыруы, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің жаңа тарихи белестерімен тұспа-тұс келеді. Елімізде ұлттық мәдени мұраларды және Отандық тарихымызды тануға, зерттеуге көңіл аударыла бастады. Ел тарихындағы жалпы уақыт кезеңдері, ірі тарихи оқиғалар қайта қаралып, зерттеу жұмыстары қолға алынды. Тарих бетіне ежелгі кезеңнен бастап, қазіргі кезеңге дейінгі көптеген ел тарихындағы өзіндік орны бар есімдер қайта оралды. Біз, жаңарған тарих бетінен түрік қағандарының, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың, батырлардың, ұлт-азаттық қозағалыстардың басшыларының есімдерін қайта таныдық. Тарихи зерттеулердің әдіснамалық негізі түбегейлі өзгерді.

Шет елдегі әріптестеріміздің озық, жаңашыл әдістері қолданыла бастады, нәтижесінде Қазақстанда тарихи білімнің жаңа саласы пайда болды, ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыптары мен ауқымы кеңейе түсті.

Барлық жұмыстар «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізілді, бұл бастама Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  қолдауымен  жүзеге  асуда.   Әлемдік тәжірибеде-  бұл  бағдарлама  қайталанбас,  бірегей ерекше дүние болып саналады. Бұл бағдарламаның қозғаушы күші-Ел Президенті. Бағдарламаның маңызды мағынаға ие болуына, Президенттің өзі көңіл аударып, сонымен қатар мемлекет, ғалымдар, ғылыми орталықтар тарапынан қолдау көрсетілуде. Ел Президентінің Орал қаласындағы ресми іс-сапары кезінде, облыстық тарихи-өлкетану мұражайында және облыс әкімінің жиналысында орталықтың атқарған жұмыстары туралы есеп берілді.

Өткен тарихымызға деген қызығушылық және отандық тарихымыздағы және мәдениетіміздегі  көптеген сұрақтарға жауап іздеу  мақсатында, Орал қаласында – Батыс Қазақстан облысының тарих және археология орталығы ашылды.

Бұл Қазақстан аймағындағы – алғаш рет құрылған мекеме. Орталықтың қызметі- тарих және археология ғылымында жаңашыл ізденістер жүргізу, мәдени мұраларды зерттеу және қорғау.

Обылыс тарихы мен Қазақстан тарихы бойынша  көптеген ауқымды мәселелер зерттелді. Зерттеушілік жұмыстардың ішінде ерекше орын алатыны- С.Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс және Сырым батырдың өмірінің соңғы жылдары туралы тың деректер табу. Осы мақсатта Өзбекстан жеріне М.Н.Сдықовтың басшылығымен ғылыми экспедиция жасақталып, жіберілді, нәтижесінде, бұл экспедиция батырдың жерленген жерін анықтады. Ізденушілік жұмыстардың тағы бір нәтижесі – Батыс Қазақстан облысында қала мәдениетінің тарихи қалыптасуы мен дамуы, Орал қаласының құрылу жылнамасының жаңа тарихи бетін ашты.  Орталық қызметкерлерінің ғылыми еңбектерінде аймағымыздың ежелге кезеңнен бастап, қазіргі таңға дейінгі демографиялық, этникалық жағдайларының қалыптасуы туралы мәселелер орын алады.

Орталықтың қызметкерлерімен 7 жыл ішінде археологиялық ізденістер саласында ауқымды жұмыстар атқарылды. Обылыс аймағы толықтай зерттеліп, 1600-ден астам жаңа археологиялық ескерткіштер анықталып, олардың құрамында  6 мыңнан жоғары обалар бар екендігі айқындалды, әр аудан бойынша 120 обаға қазба жұмыстары жүргізілді. Орал археология мектебі қайта құрылды. Орталықтың қызметкерлерінің басты жаңалықтарының бірі: ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы екі қалалық мекен- «Жайық» және «Узени», Лебедевка кешеніндегі «алтын әйел»,  жаңашыл технология негізінде зерттелген Қырық-Оба хан обалары кешені. Сонымен қатар, «Жайық» қалашығы мен «Қырық-Оба» кешендерін аспан  астындағы қорық-мұражай түрінде ашуға бағдарлама даярланды.

Аталған орталықтың құрылуы өз нәтижесін берді- қысқа мерзім ішінде, мәдени мұраларды зерттеу мен қорғау нақты ғылыми тұрғыда қарастырыла бастады.
Орал қаласының ғалымдарының бастамасы негізінде –аталмыш орталықтар қазіргі кезде- Атырау, Ақтөбе облыстарында құрылды.

Қызметінің негізгі бағыттары:
1. Тарих, археология және этнография салалары бойнша жан-жақты, қолданбалы ғылыми ізденістерді ұйымдастыру және жүргізу;
2. Тарихи-мәдени мұраларды зерттеу барысында оларды анықтау, тіркеу, зерттеу жұмыстары. Мәдени мұра ескерткіштерін бағалау, сараптама (экспертиза) жасау және тарихи, мәдени ескерткіштерді пайдалануға ғылыми тұрғыдан қорытынды беру;
3. Мәдени құндылықтарды қалыптастыру, қайта құру, сақтау, тарату, сонымен қатар мәдени, рухани мұраларды насихаттай отырып, азаматтарды осы мұраларды сақтауға жұмылдыру;
4. Тарих және археология ғылымдарындағы анықталған, зерттелген, жетістіктерді ғылыми айналымға енгізу оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, зерттеу жұмыстарын жандандыру. Ғылыми ізденушілік әдістерді және жаңа технологияларды, жаңашыл ақпараттарды  тәжірибеге енгізу, қолдану;
5. Бірегей табиғи ескерткіштер мен мәдени мұраларды зерттеуге байланысты ғылыми бағдарламалар, ұсыныстар даярлау, ірі тарихи-мәдени нысандарды мұражайландыруға байланысты арнайы бағдарлама құрастыру, облысымызда туристік инфрақұрлымның дамуына ат салысу;
6. Мемлекеттік, аймақтық және облыстық табиғи және мәдени мұраларды зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыру барысына белсенді араласу.

Сдықов М.Н
тарих ғылымдарының докторы, профессор,
тарих және археология орталығының директоры