Кіру

Жеке бөлмеге кіру

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
мені есте сақтау

  8(7112)  51-52-26

   8(7112)  51-52-26

Халықаралық ынтымақтастық және бірлескен зерттеулер

Орталық Қазақстанның, Ресейдің және Өзбекстанның ғылыми мекемелерімен сонымен қатар, жоғарғы оқу орындарымен бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізуге келісім шартқа отырды.

Ірі ғылыми орталықтармен, институттармен байланыс орнатылды.

Қазақстанда - тарих және этнология Институты, ҚР. БҒМ шығыстану, археология Институты, ҚҒЗИ-ның номадтар мәдени мұрасы мәселелері бойынша ҚР мәдениет министрлігі (Алматы қаласы).

Ресейде - Ресей ғылым академиясының Археология институты (Москва қаласы) Ресей Ғылым Академиясының Дала институты (Орынбор қаласы) Топырақтанудың физика-химиялық және биологиялық мәселелері Институты (Мәскеу қаласы) Еділ маңы археологиялық ғылыми зерттеу Институты (Волгоград қаласы) Саратов Мемлекеттік Университеті (Саратов қаласы) РҒО Оңтүстік Урал Ғылыми орталығы (Челябинск қаласы) және т.б Өзбекстан Ғылым Академиясы (Нүкүс қаласы) Қарақалпақстан бөлімшесімен іскерлік байланыс орнатылды.

2005 жылы Топырақтанудың физика-химиялық және биологиялық мәселелері Институтымен бірге полеотопырақты және магнитті зерттеу жұмысы «Қырық-Оба» Патша кешенінде жүргізілді, бұл зерттеу жұмысы, кешеннің жерлеу орындарының құрлысы мен орналасуының нақты магнитті картасын алуға мүмкіндік туғызды. Бес жылдан бері РҒА Дала институтымен Батыс Қазақстан және Орынбор аймақтарының табиғи және мәдени мұраларын зерттеу жұмыстары жалғасуда. Жайық өзенінде бес экспедиция жүргізіліп, нәтижесінде жаңа тарихи, мәдени ескерткіштер анықталды. 2004-2005 жылы ҚР Мәдениет Министрлігінің Мәдени ескерткіштерді ғылыми-зерттеу жобалау Институтымен бірлескен, «Жайық» қалашығының қайта өңдеу жұмыстарының бағдарламасы құрастырылды. Сонымен бірге, аталған қалашықтағы Үлкен, кіші кесенені жөндеуге және қалашықты мұражайландыруға арналған құжаттар жиынтығы даярланды. Осы құжаттардың негізінде, Орталық «Ашық аспан астындағы мұражай - «Жайық» » атты бағдарлама құрастырды. Бұл облысымыздағы мәдени мұраларды және туризмді зерттеудің орталығы болып табылады.

Қазақстанның 27 ғылыми орталықтарымен, кітапхана мен жоғары оқу орындарымен әдебиеттер және ғылыми ақпараттар алмасу үшін, серіктестік қатынастар орнатылды. 

2002 жылы археология жұмысы басталды. Ортасында Маргулан және М.Каттани атындағы археология Институты (Италия) директорының орынбасары Ж.Курманкулов. Оң жағында М.Сдыков.

2007 жыл. Орал бойынша бірлескен экспедиция

 С.И.Жданов - аға ғылыми қызметкер, б.ғ.к (Орынбор) және Сдыков М.Н. Оребуржда.