Кіру

Жеке бөлмеге кіру

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
мені есте сақтау

  8(7112)  51-52-26

   8(7112)  51-52-26

Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің 100-жылдығына арналған «Алаштан тәуелсіздікке дейін және ұлттық бірігу идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРАМАСЫ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХ ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

2017-жылы 20-21 қазанында

Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің100-жылдығына арналған «Алаштан тәуелсіздікке дейін және ұлттық бірігу идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтеді. Конференцияда Алаш қозғалысы және Алаш Орда үкіметінің тарихы, тарихнамасы, деректері, деректану, әдістемелік қағидаларының өзекті мәселелері талқыланады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

- XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси даму: қазақ ұлттық-демократиялық қозғалысының қалыптасуы;

- Алаш қозғалысы және Алаш Орда үкіметінің тарихы. Қазақстан тарихнамасындағы Алаш мәселесі;

- Алаш партиясының саяси бағдарламасы - қазақ автономиясының негізі ретінде;

- Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысындағы Алаш қозғалысының ролі;

- Кеңес үкіметі және Алаш қозғалысы мүшелерінің тағдырлары;

- Алаш тарихын зерттеудің қазіргі заманғы тұжырымдамалары және оның болашағы.

Конференцияға қатысуға ғалымдар, ЖОО-ның оқытушы- профессорлары, Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері және шетелден конференцияның осы тақырыптары бойынша ерекше жетістікке жеткен ғалымдары шақырылады.

Конференцияның жүргізу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін өтініш (Қосымша 1) және баяндамалар, ғылыми мақалалар басылымдар талаптарына сәйкес рәсімделіп (Қосымша 2) 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін төмендегі электрондық поштаға жіберілуі қажет Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. , Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. .

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы, 090000, Қазақстан Республикасы , Орал қаласы, Достық көшесі, 184, байланыс телефондары: 8 (7112) 50-35- 78, 8 (7112) 51-52-26, 87078685940, E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. , Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. .

Конференцияның ұйымдастыру комитетінің төрағасы: т.ғ.д., профессор, Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының директоры Сдыков Мурат Наурызгалиевич.

Конференцияның ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: т.ғ.к. Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының аға ғылыми қызметкері Тукешева Назгуль Мукатаевна.

Конференцияға қатысушылардың іс-шығындары өз есептерінен немесе жіберуші жақ есебінен төленеді.

Конференцияға қатысушылардың келуі – 2017 жылдың 19 қазаны.

Конференцияға қатысушылардың кетуі – 2017 жылдың 22 қазаны.

ҚОСЫМША 1

 

Конференцияға қатысу үшін өтініштің формасы:

Баяндамашының Т.А.Ә. (толық)

 

Мемлекеті, қаласы

 

Ұйымы, лауазымы

 

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

Мекен- жайы

 

Байланыс телефондары

 

E-mail

 

Баяндаманың тақырыбы

 

Конференцияның бағыты

 

Баяндамаға қажетті техникалық жабдықтар

 

Қатысу формасы (сырттай, іштей)

 

 

ҚОСЫМША 2

Мақаланы рәсімдеу талаптары:

Ғылыми мақала конференцияның бағыттарына сай, өзекті, ғылыми жаңалығы, дәйектемелердің негіздемесі болуы шарт, сонымен қатар орфография, пунктуация үлгілеріне және төмендегі рәсімдеудің талаптарына сәйкес болуы керек. Конференция материалдары жинақ түрінде жарияланады.

· Баяндама мәтіні ( А4 форматында 10-бетке дейін, таблицалар мен суреттерді қосқанда) Microcoft Word мәтінінде терілуі керек, Times New Roman шрифті (символ көлемі – 14, аралық интервал – 1, сол жақ - 30 мм, оң жақ – 15 мм, жоғары және төменгі– 20 мм, азат жол – 1см.).

· Мақалалар келесі тәртіппен орналастырылады: бірінші жолда үлкен әріптермен баяндама тақырыбы түпнұсқа тілінде (жартылай қою шрифтімен), бір жол тастап автор(лар) дың аты-жөні түпнұсқа тілінде, бір жол тастап ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ұйымның толық атауы, қала, мемлекет атауы түпнұсқа тілінде. Әрі қарай бір жол тастап түпнұсқа тілінде баяндаманың негізгі мәтіні басылады.

· Формулалар Microsoft Equation формуласы редактор арқылы орындалуы қажет, суреттер (ақ-қара,пішінсіз), JPEG, JPG форматында сканерленген 300 dpi кем емес болмауы қерек.

· Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі негізгі мәтіннің соңында бір жол тастап және тізімдер ретімен көрсетіледі. Әдебиеттерге сілтеме «квадратты» жақша арқылы пайдаланылған әдебиеттердің тізімінде көрсетілген реттік нөмеріне сәйкес нөмері көрсетіліп жазылады.

Баяндаманы рәсімдеу үлгісі:

БАҚЫТЖАН ҚАРАТАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ МЕН РОЛІ

Сдыков М.Н.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор

Батыс Қазақстан тарих және археология орталығы

Орал қаласы

Баяндаманың негізгі мәтіні

-----------------------------------------------------------------------------------------------[1, 132б.].

--------------------------------------------------------------------------------------[2, 876-887б.].

Әдебиеттер:

1. Татарстан Республикасының ұлттық архиві. Ф.199 , Оп.1, Д.948

2. Мемлекеттік Думаның журналы. СПб, №13, 1907.