Кіру

Жеке бөлмеге кіру

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
мені есте сақтау

  8(7112)  51-52-26

   8(7112)  51-52-26

2015 жылдың 25-26 тамызында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих қойнауынан қазіргі заманға дейін» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Биыл 2015 жыл еліміздің тарихындағы ерекше жыл ретінде есте қалмақ, соның ішінде мемлекеттілігіміздің бастамасы болатын Қазақ хандығының 550 жылдығы тойлау жөнінде Елбасы өзі бастама көтерген болатын. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «2015 жылды ұлттық тарихымызды ұлықтау, бүгінгі белестерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы деп есептеу керек», - деп атап өткен болатын. Ешбір халық тарихсыз болмайды. Сол сияқты қазақ халқының да өзіне тән терең тарихы бар. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудің басты мақсаты – тарихты сонау тереңнен басталатын халқымыздың өткеніні ұмытпай, бүгінін бағалап, болашаққа нық сеніммен қарау. 

Осы мерейтой аясында көптеген іс-шаралар қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде, соның ішінде біздің Батыс Қазақстан облысының аумағындада   кеңінен атап өтілуде. 

Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан Республикасы Конститутциясының 20 жылдығына арналған іс-шаралардың бірі 2015 жылдың 27 – тамызы күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің мәжіліс залында Орал қаласы әкімдігінің, Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетінің, Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының және «Ақжол» ғылым және білім қорының ұйымдастыруымен «Қазақ хандығының өзекті мәселелері» - атты дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстелге көршілес Ресей Федерациясының  Самара, Мәскеу қалаларының, сонымен қатар Республикамыздың Алматы, Ақтөбе, Орал қалаларының жетекші ғылыми орталықтарынан және өңірлік оқу орындарының ғалымдары қатысады.   

Дөңгелек үстелдің міндеті:

- Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуындағы негізгі өзекті мәселелерін зерттеу.

- Қазақ мемлекетінің қалыптасу мәселелеріне мамандардың, ғалымдардың және жұртшылықтың көңілін аудару;

- Батыс Қазақстандағы қазақ қоғамы ішіндегі этносаяси үрдістер ерекшеліктерін нақтылау;

-  Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуын және ұлттық тарихты зерттеп зерделеуде жаңа әдістерді қалыптастыру;

- қазақстандық және шет елдік ғалымдардың болашақта Қазақстан тарихын зерттеуде   бірлескен ынтымақтық бағдарламасын анықтау, соның ішінде батыс аймақтағы.

Дөңгелек үстелдің барысында Керей мен Жәнібек құрған қазақ хандығының тарихы жөнінде және Бөкей хандығы туралы тың материалдар алуға болады.

Осы өтетін  іс-шараға обылыс аумағындағы барлық республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қатысуға шақырамыз.

Шараның өтетін орны мен уақыты: Орал қаласы, Жәңгір хан даңғылы 51. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің мәжіліс залы. Сағат 11 ºº.  27 тамыз 2015 жыл. 

Ұйымдастыру алқасы

 

Ақпараттық хат

2015 жылдың 25-26 тамызында  Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих қойнауынан қазіргі заманға дейін» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Шараның өтетін орны: Хан Ордасы ауылы (Бөкейорда ауданы, БҚО),  «Хан Ордасы» музей кешені. Конференцияға қатысушылары 24 тамызда Орал қаласында жиналады, ал кейін қарай қайту  27 тамызға жоспарланған.

Ақпараттық хат

 

                 

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих қойнауынан қазіргі заманға дейін» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының

Р Е З О Л Ю Ц И Я С Ы

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих қойнауынан қазіргі заманға дейін» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының баяндамаларын тыңдай келе,  қатысушылар берілген мәселенің уақтылы талқылануы мен өзектілігін атап өтті.

Қазақстан әлемдік қоғаммен қабылданған, егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде тарихтың жаңа кезеңіне қадам басуда. Еліміздің мемлекеттілігін ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ елінің дәстүрі мен мәдениеті құрайды. Сол себепті Қазақ елінің мәселелерін шешуде, мемлекеттілігіміздің бастауына, ортағасырлық, жаңа және жаңашыл тарихына, заманауи Қазақстанның даму үрдісіне  көңіл аудару қажет. 

Конференция қатысушылары жасалған баяндамалар барысында, Қазақ хандығының 1465 жылы еуразия кеңістігіндегі шиеленіскен этносаяси және тарихи үдерістерге қарамастан, мақсатты және нысаналы бағытта құрылған бірден бір ел екендігі туралы ортақ пікірде болды. Қазақ елінің тарих сахнасынан орын алғаны Ұлы даланың жаңа кезең бастауы болды. Қазақ хандары көршілес елдермен қатаң соғыс жағдайында мемлекеттің тарихи маңызды мәселелерін шеше білген:

-Жаңа мемлекет құрып, орталықтандырылған барқару негізінде барлық қазақтардың басын қосу;

-Сыртқы жаулармен күрес барысында халық пен мемлекет мүддесін қорғау, қазақтар мекен еткен шекараны берік ұстану,  бірыңғай мемлекет аумағын бекіту;

-Бүкіл халықтың мүддесін қорғайтын билік, басқару және сот жүйесін құру;

-XVI-XVII ғасырлардағы өзбек және жоңғар хандықтарымен ұзақ уақытқа созылған соғыста қазақ елінің байырғы мүдделерін қорғап қалу.

Кіші жүз бас қосқан Қазақ хандығының батыс аумағы бірыңғай мемлекетті қалыптастыруда маңызды және құрамдас бөлігіне айналды. Аймақта сол кезеңдегі ұлы тарихи оқиғалар орын алды.

XV-XVI ғасырларда Қасым хан, батыс өңірлердің толықтай Қазақ хандығының құрамына еніп, Сарайшықты еліміздің астанасы болуын қамтамасыз еткен, Ноғай Ордасымен қақтығыстарын өткізді. Осы XVII ғасырдан бастап Орыс елімен өзара қарым-қатынас үрдістері басталды.

Қатысушылар конференцияның Бөкей Ордасының астанасы, қазақ елі үшін тарихи маңызды да мәнді болған – Хан Ордасында өтіп жатқандығына назар аударды. Осылай біз XІX ғасырдағы отарлық тәуелділік кезеңіндегі қазақ мемлекеттілігінің тарихи дәстүрлерін сақтап қалған ата-бабаларымызға деген құрметімізді білдірудеміз.

1917 жылы біріккен Алаш партиясының, XX ғасырдың басында Оралдағы халықтық-демократиялық қозғалысы құрылды. Алаш Ордасының және оның Батыс бөлімінің құрылуы отандық тарих беттеріндегі ең жарқын оқиғалардың бірі. Ол қазақ қоғамының азаматтық кемелденгендігін, XX ғасырдың басында шиеленіскен әлеуметтік қарсылықтарға қарамастан, болашақ дамуы үшін маңызды мәселелерді қоя білген, қазақ саяси элитасы күш-қуатының өскендігін білдіреді.

Сол жылдары Бөкей Ордасында алғашқы Кеңестер өте бастады. СССР құрамында болған КАССР, одан әрі Казақ ССР-дегі қазақ елі шекаралық тұрақтылықты сақтап, қоғам мен экономиканың заманауи құрылымын жасақтап, Ұлы Отан соғысында жеңіске жетіп, көптеген интеллектуалдық салада алға жылжыды.

Қазақстанның заманауи даму кезеңі – қысқа уақыт аралығында Орталық Азия елдерінің көшбасшыларымен танылып, әлемнің 50 дамыған мемлекеттерінің қатарына қосылғандығы, егеменді және тәуелсіз мемлекеттің тарихтағы нық қадамы. Мемлекеттің даму Стратегиясы жалпы әлемде орын алған нысаналы үдерістермен және қазақ қоғамының құрамында белсенді жүріп жатқан өзгерістермен анықталады. Бұл жылдардағы жетістіктер мен табыстарымыз, қазақ елінің сенімі мен қолдауына ие болған Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Републикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты.

Қазақ хандығының 550 жылдығы осы маңызды оқиғаларға, олардың тарихи мәнділігіне қайта назар аудартты. Берілген мәселелерге тарихшы, археолог, этнограф, өзге іргелес ғылыми бағыттар бойынша ізін қуушылардың бірнеше ұрпақтарының зерттеулері негізінде бет бұруға мүмкіндік туды. 

Баяндамаларды және ұсынылған материалдар мен мақалаларды  талқылай келе, қатысушылар еліміздің мемлекеттік және саяси өзіндік орнын табуы негізінде  Қазақ хандығының құрылғандығы туралы ортақ пікірге келді. Алтын Орда ыдырағаннан кейін түрлі этнос өкілдерінің арасында орын алған шиеленістер кезінде хандықтың өзіндік беріктігі мемлекеттілікті ұстап қалды.

Қазақ хандығының және бүкіл қазақ мемлекетінің даму тарихын зерделеу ғалымдардың, қазақ тарихшыларының шетелдік әріптестермен белсенді қарым-қатынас орнатуын қажет етеді. Бұл ортағасырдағы еуразия кеңістігінде болған тарихи үдерістерге жаңа, заманауи көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп, қызықты нәтижелерге жетелейді. Жасалған қорытындыларға сәйкес қатысушылар тарапынан келесі РЕЗОЛЮЦИЯ жасалды:  

1.Қазақ хандығының құрылуын ұлттық тарихтың негізін салушы тарихи оқиға ретінде анықтап, зерттеу жұмыстарын қайта жандандыра отырып, берілген мәселелер бойынша шетел мамандарын тарту;

2.ҚР Білім және ғылым министрлігіне бүкіл Қазақстан аймақтарын қамти отырып, бірыңғай зерттеу бағдарламасын жасақтауға, еліміздің ғылыми зерттеу институттары мен ұйымдарына, жоғарғы оқу орындары тарих кафедраларының зерттеу бағдарламаларына сәйкес өзгертулер мен толықтыру енгізуге ұсыныс білдіру.

3.Отандық тарихтың дамуын қолдаушы мамандар мен ғалымдардың бірігуімен қоғамдық ұйым негізінде Қазақ тарихи қоғамын құру;

4.Батыс Қазақстан облысы тарихи және археологиялық зерттеу орталығына аймақтың тарихи шарттарын біріктіріп, көршілес Ресей Федерациясы облыстарынан ғалымдарды тарту. Осы мақсатта тек қазақ елінің ғана емес, сонымен қатар бүкіл еуразия кеңістігінің тарихын зерттеуде, Қазақстан мен өзге мемлекеттің жетекші ғалымдарынан құралған, кешенді біріккен экспедициялар және ғылыми топтар ұйымдастыру.

2015 жылғы 26 тамыздағы 

конференция қатысушыларымен қабылданды. 

Батыс Қазақстан облысы

Бөкейорда ауданы

Хан Ордасы ауылы

Background Image

Header Color

:

Content Color

: