Кіру

Жеке бөлмеге кіру

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
мені есте сақтау

  8(7112)  51-52-26

   8(7112)  51-52-26

«Орал өзені алабындағы ортағасырлық қала мәдениеті және көшпенділер өркениеті » атты халықаралық ғылыми конференция.

 2012 жылдың  21- 22 қыркүйек күндері Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының ұйымдастыруымен «Орал өзені алабындағы

ортағасырлық қала мәдениеті және көшпенділер өркениеті» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.
Конференция жұмысына Әжірбайжан, Ұлыбритания, Қазақстан, Өзбекстан, Украина, Нидерланд, Ресей және Жапония елдерінен тарихшы-археолог ғалымдар қатысты. Олар- Ресей Ғылым Академиясы Археология институты, Ресей Ғылым Академиясы Этнология және Антропология институты (барлығы Ресей), Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Тарих және Этнология институты (барлығы Алматы) Марджани атындағы Татарстан Республикасы Ғылым Академиясы Тарих институтынан және басқа да алдыңғы қатарлы ғылыми ұйымдардың мамандары. Қатысушылар арасында Европалық Одақтың және ПРООНның сарапшы- консультанты Рикс Бокс (Нидерланды), Соко университетінің профессоры Тошио Хаяши (Саппоро, Жапония) және т.б.

Конференцияның негізгі тақырыбы- ортағасыр кезеңіндегі Дала мен Қала арасындағы өзара әрекет ету мәселесі. Осыдан ог жыл бұрын бұл мәселені көтерудің өзі мүмкін болған жоқ, себебі Орал өзені аңғарында ортағасырлық қала мәдениеті тек бір ғана Атырау қаласынан алыс емес орналасқан Сарайшық қаласымен берілген болатын.
Қазақстандық ғалымдар 2001 жылы- Жайық, 2006 жылы- Сарыөзен және 2008 жылы Жалпақтал (қалашық аттарын археологтар жақын маңда орналасқан географиялық нысандарға байланысты қойған) қалашықтарын ашты. Сонымен қатар, аймақта Алтын Орда кезеңінде гүлденіп көркейген ортағасырлық тұтас қоныс орындары ашылды. Бұл ортағасырдағы өңіріміздің даму тарихын жаңаша түсініктер мен түсініктемелер беру мүмкіндіктері туындады.
Тарих және археология орталығы ашылған күннен бастап өлкеміздің бай тарихын және Орал өзені алабындағы ежелгі кезеңдегі қала мәдениетін жоспарлы түрде зерттеулер жүргізе отырып ғылыми тұрғыдан тұжырымдар жасап келеді. Ғалымдар ортағасырлық «Жайық» қалашығын Яик қалашығының бастапқы орны деп атауда. Яғни, қазіргі Орал қаласы орнында қаланың алғашқы іргетасы XIII ғасырдың соңында қаланған деп санауға болады.
Конференцияда Батыс Қазақстан өңірін мекендеген халықтардың тарихы мен мәдениеті туралы мәселелер қарастырылды. Осыған байланысты үш пленарлық, үш секциялық отырыстарда 70-тен астам ғалымдар мен зерттеушілердің баяндамалары тыңдалды.
Ұйымдастыру комитетінің жұмыс тобы конференцияның қарарын әзірлеп, бұнда қала мәдениеті мен көшпенділер өркениетінің өзара әрекеті мен байланысы туралы өзекті мәселелер көрсетілді.

Background Image

Header Color

:

Content Color

: