Кіру

Жеке бөлмеге кіру

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
мені есте сақтау

  8(7112)  51-52-26

   8(7112)  51-52-26

Халықаралық дөңгелек үстел

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Қазақстан мен Ресей ғалымдары катысқан Халықаралық дөңгелек үстел 2015 жылдың 4 қыркүйек күні сағат 12.00 – де Қадір Мырзаәлі атындағы Батыс Қазақстан облыстық өнер мен мәдениет орталығында өткізілді.

Дөңгелек үстелдің сәтті өтуіне алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіліп, яғни қатысушыларға шақыру-бағдарлама әзірленді, стикерлер жапсырылған және қаламсап пен қағаздар салынған папка таратылды. Екі тілде жазылған банер дайындалды.

Дөңгелек үстелдің модераторы Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының директоры, «Ақжол» ғылым және білім қоғамдық қорының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Наурызғалұлы Сдықов болды.

Орал қаласының әкімі Алтай Седірұлы Көлгінов құттықтау сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелде төмендегідей тақырыптар талқылауға ұсынылды:

1. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ: СЕБЕПТЕРІ, ҮРДІС СИПАТЫ, МАҢЫЗЫ.

2. ЕВРАЗИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ОРНЫ МЕН РОЛІ.

3. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСҚАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР.

Төмендегідей баяндамалар тыңдалды:

- Мұрат Наурызғалиұлы Сдықов – тарих ғылымдарының докторы, профессор, баяндама тақырыбы «Қазақ хандығының қалыптасуының бастапқы кезеңі». өз баяндамасында Қазақ хандығының XV-XVII – ғасырлардағы Батыс Қазақстан аймағындағы қалыптасу процессіне нақты тоқталды.

- Александр Александрович Чибилев – РФ РҒА мүше-корреспонденті, география ғылымдарының докторы, профессор, РФ РҒА Орал бөлімшесінің Дала институтының директоры (Орынбор қаласы, Ресей), баяндама тақырыбы «Единое пространство евразийского мегарегиона». Баяндамашы тарихи далатанудың негізгі методологиялық мәселелеріне тоқталып тарихи процесстерді Евразияның табиғи-климаттық және экологиялық ерекшеліктерімен байланыстырды.

- Эмма Давидовна Зиливинская – тарих ғылымдарының докторы, Ресей Ғылым академиясының Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы этнология және антропология институтының жетекші ғылыми қызметкері. Баяндама тақырыбы «Культовые памятники Западного Казахстана». Өз баяндамасында Жайыө өзені алабындағы ортағасырлық кезеңдегі қалаларға тоқталды. Оның пікірі бойынша Қазақ хандығының бастақы қалыптасу кезеңінде қала мәдениеті дамыған, бұл Қазақ мемлекеттілігінің пайда болу факторлерінің бірі болып табылады.

- Алдар Сәрсенұлы Сәрсенов – тарих ғылымдарының докторы, профессор (Атырау қаласы, Қазақстан) баяндама тақырыбы «XVI – ғасырдағы қазақ хандығы». Баяндамашы Қасым ханның жеке басына және оның хандықтың қалыптасуына қосқан үлесіне тоқталды.

- Асылбек Мәденов – тарих ғылымдарының кандидаты (Ақтөбе қаласы, Қазақстан), ол баяндамасында Керей мен Жәнібек хандардың қалыптасу тарихының кейбір фактілерін сипаттады.

Әрі қарай дөңгелек үстелде төмендегідей баяндамалар тыңдалды: Тілекжан Хасенұлы Рысқалиев – философия ғалымдарының докторы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінің профессоры (Орал қаласы, Қазақстан); Мырзағали Әбілқасымұлы Мұқамбетов – Батыс Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты (Орал қаласы, Қазақстан); Жасқайрат Тілекқабылұлы Ерназаров – тарих ғалымдарының кандидаты (Орал қаласы, Қазақстан); Жаңабек Жаңабайұлы Жақсығалиев – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты (Орал қаласы, Қазақстан); Жәнібек Аллаярұлы Исмұрзин - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты (Орал қаласы, Қазақстан); Нұржан Жолдығалиұлы Төлепов – Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық мұражайының меңгерушісі (Орал қаласы, Қазақстан); Ғалия Ставалқызы Сарқұлова - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушысы (Орал қаласы, Қазақстан); Яна Амангелдіқызы Лұқпанова - Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының ғылыми қызметкері (Орал қаласы, Қазақстан); Денис Валерьевич Марыксин - Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының ғылыми қызметкері (Орал қаласы, Қазақстан); Есқайрат Ерболатұлы Хайдаров - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты (Орал қаласы, Қазақстан); Айболат Шамұратұлы Құрымбаев – тарих магистрі (Орал қаласы, Қазақстан);

Дөңгелек үстелдің қортындысы пікір таластан кеәін қортыланды. Жасалған быяндамалар негізінде жинақ басып шығаруға және Қазақ тарих қоғамын ашу туралы ұсыныстар қабылданды. 

Орал қаласы, 4 қыркүйек 2015 жыл. Қадыр Мырзаәлі атындағы орталық. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Халықаралық дөңгелек үстел

Орал қаласының әкімі А.С.Көлгеновтің сөз сөйлеуі

«Ақжол» ғылым және білім қоғамдық қорының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Н.Сдықовтың сөз сөйлеуі

РФ РҒА - ның мүше-корреспонденті, Орыс география қоғамының вице-президенті, география ғылымдарының докторы, профессор, РФ РҒА Орал бөлімшесі Дала институтының директоры А.А.Чибилевтың (Орынбор) сөз сөйлеуі

Михлухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Э.Д.Зиливинскаяның (Мәскеу) сөз сөйлеуі

Философия ғылымдарының докторы, профессор Т.Х.Рысқалиевтің (Орал) сөз сөйлеуі

Тарих ғылымдарының кандидаты М.Ә.Мұхамбетовтың (Орал) сөз сөйлеуі

Тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Т.Ерназаровтың (Орал) сөз сөйлеуі

Тарих ғылымдарының кандидаты Е.Е.Хайдаровтың (Орал) сөз сөйлеуі

Ресей Федерациясынан келген ғалымдарды «Қазақ хандығына 550 жыл» мерекелік медалімен марапаттау