Кіру

Жеке бөлмеге кіру

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
мені есте сақтау

  8(7112)  51-52-26

   8(7112)  51-52-26

Ұлттық тарихты Ресей-Қазақстан тарихшы ғалымдарының интеграция күш арқылы түсінуі

2015 жылдың 25-26 тамыз күндері Батыс Қазақстан облысы Бөкей Орда ауданы Хан Орда ауылында Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Тарих қойнауынан қазіргі заманға дейін»-атты Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция болды. Конференция Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің бекіткен «Қазақ хандығының 550-жылдығын тойлау шара бағдарламасы» аясында өтті. Конференцияны Ішкі саясат басқармасы, мәдениет басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы және «Ақжол» ғылым және білім қоғамдық қоры ұйымдастырып өткізді. Конференция жұмысына Мәскеу, Уфа, Орынбор, Астрахань, Самара, Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының, Алматы, Ақтөбе, Орал қалаларының жетекші ғылыми орталықтарының, аймақтық оқу орындарынан ғалымдары қатысты.

Конференция екі бөлімнен тұрды. 26-тамыз Хан Орда ауылында пленарлық отырыс, 27- тамыз Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінде дөңгелек үстел отырысы болды.

Хан Ордада өткен конференцияға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Б.М.Сапарбаев және Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.А.Ноғаев қатысты. Премьер-Министр орынбасары Б.М.Сапарбаев өзінің құттықтау сөзінде Қазақ хандығының құрылғанына 550-жылдығын тойлау заманауи егеменді Қазақстанға құндылығын баса айтты. Облыс әкімі Н.А.Ноғаев қазақ халқының тарихындағы маңызды тарихи оқиғаларды жандандыру маңыздылығына тоқталды. Облыс әкімі өткен тарих беттерін қалпына келтіруде тарихи ғылымның рөліне ерекше тоқталып, конференция қатысушыларына табыс тіледі.

Екі күн бойы өткен конференция барсында Орталық Азия мен Қазақстанның ортағасырлық тарихы бойынша жетекші мамандар мен ғалымдар баяндама жасады. Барлық жасалған баяндамалар, хабарламалар соңғы ашылған жаналықтар негізінде дайындалғандықтан үлкен ғылыми қызығушылық тудырды.

Ресей Ғылым Академиясы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, профессор А.Ш.Қадырбаевтың «Ключи и врата Азии: ханы Абулхаир и Барак в казахско-российских отношениях 1732-1752 гг»- атты баяндамсында Қазақ хандығы, Ресей және Қытай империяларының өзара қиын кезінде хандық биліктің қалыптасуының ашшы мәселесі қаралды.

Қазақ мәдени ғылыми-зерттеу институның жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, көлемді монографиялардың және оқулықтардың авторы И.В.Ерофееваның «Казахский Алаша-хан: правитель реальный и мифический» баяндамасында алғаш тарих ғылымында Алаша хан тарихи тұлға болғанын сенімді дәлел жасалды. Көлемді тарихи құжаттарға талдау жасау негізінде И.В.Ерофеева қазақ ханын анықтап, осы атпен тарихқа енгізді. Маңыздылығы конференцияда айтылғаны үлкен маңызға ие. Ғасырлар бойы аңызға айналған тарихи тұлғаның шынайы болғаны алғаш дәлелденді. Оның XX ғасырдың басында Алаш Орда мемлекетінде есімінің аталуы кездейсоқтық емес.

РҒА Уфа ғылыми орталығының тарих, тіл және әдебиет институтының жетекші ғылыми қызметкері,тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.А.Азнабаетың «Роль Казахских чингизидов в провозглашении Башкирского ханства после восстания 1704-1711гг » баяндамасында XVIII ғасырдың басындағы Башкұрт мемлекетінің құрылуына қазақ хандарының үлесі қаралды. Аталған тақырып алғаш Қазақстанда және қазақ және башкұрт халықтарының этногенезінің өзара процессінің қалыптасу мәселесі айтылды.

Үлкен қызығушылық танытқан Ш.А Аманжолованың «Внешний облик хана Жангира (1823-1845 гг) в изобразительных источниках» -атты баяндамасы. Жәңгір ханның бірнеше фотосуреттерінің қатры көрсетілді. Сонымен қатар Астраханда жасалған хан мен әйелі Фатиманың фотосы да бар. Жергілікті өлкетанушылар осы нұсқаны белсенді қолдады. Негізгі деректермен және Ш.А.Аманжолованың айтуымен фотосурет 1845 жылы қайтыс болған Жәңгір хаңға қатысы жоқ екенін сурет кейіннен жасалғанын дәлелдеді. Сондықтан аталған фотосуретте Жәңгір хан емес, XIX ғасырдың соңындағы қазақ сұлтандарының бірі болған. Конференцияға қатысушылар аталған дәлел мен негізгі қортындыны қолдады.

Өзекті мәселердің бірі Астрахань мемлекеттік университетінің, Шығыс тілдері бөлімінің доценті, тарих ғылымдарының доценті В.М.Викторинаның «Российско-казахстанские межэтнические связи в «родовом» составе младшего жуза и Букеевской Орды казахов: «кундровцы»- «кундровцы»- «Ногай-казахи» (Кизляр-Астрахань-Оренбург-Уральск, сер XVIII-XX вв)»-атты баяндамасында айтылды. Соңғы уақытта тарихи зерттеулерде қазақтардың рулық құрамы толық талдау жасалып, Ресей ғалымдарының зерттеулеріне негіз болмады. Бұл алғаш қазақтар мен ноғайлықтардың өзара рулық құрылымындағы екі ғасырға жуық созылған процессіне терең талдау жасалған баяндама.

Қазақ хандығының тарихына байланысты деректерге талдау жасаған Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институның жаңа тарих бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Г.Н.Ксенжиктің «Казахское ханство в картографических ичточниках»- атты баяндамасы. Тақырыптың өзектілігі құжаттармен мұқият, әсіресе әртүрлі кесте мен сызбалар және карталар мен жұмыс жасау қажеттілігін айтады. Қазақ хандығының тарихы бойынша картаның үлкен бөлігі әлі толық зерттелмеген, тек соңғы уақытта белсенді іздестіру басталды.

Самара мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу лабораториясының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Н.А.Лифановтың «Российское степное пограничье XVIII-XIX вв: новые археологические свидетельства»- атты баяндамасында 2011 жылдан бастап бірнеше жыл Қазақстан-Ресей экспедициясының бірлесіп жүргізген археологиялық қазбалар қортындысына ерекше мән берілді. Ерекше қызығушылық тудырған XVIII-XIX ғасырлардағы тарихи оқиға болып табылған Орынбор облысында жерленген Шыңғыстықтар туралы болды.

Бөкей Орда тарихының зерттеу қортындысымен бөліскен жас ғалым, Астрахань мемлекеттік университетінің аспиранты Р.В.Ишмухамбетовтың «Сложение,развитие и роль служилых групп Букеевской Орды»-атты баяндамасы. Қызығы танымал тарих бетіне жаңаша қадам жасау болды. Маңыздысы Бөкей Орда тарихы Ресей ғалымдарының қызығушылығын тудырушы болып табылады.

Ең қызығушылық танытқан баяндама Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Р.А.Бекназаровтың «Памятник Абулхаир хана «Хан моласы»-атты баяндамасы. Баяндама көпжылдық зерттеулермен, Әбілхайыр ханның жерленген орны, ДНК зерттеулерінің тәсілдерімен анықталған, мүсіндік қалпына келтіру жолымен дайындалған. Аталған жұмысқа үш елдің Венгрия, Ресей және Қазақстан ғалымдарының қызығушылығын тудырған. Әбілқайыр ханның ұрпақтарымен салыстыру қортындысы бойынша 99,355% жерленген ұлы хан екені анықталды.Ақтөбе облысында ескерткішті ашу осы жылдың қазан айында жоспарланған.

Қазақ хандығының құрылуына Батыс Қазақстан облысының маңыздылығы туралы Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының директоры, «Ақжол» ғылым-білім қоғамдық қорының президенті тарих ,ғылымдарының докторы, профессор М.Н.Сдықовтың «Роль Западно-Казахстанского региона в образовании Казахского ханства»-атты баяндамасы. Баяндама негізі тұтас Қазақ мемлекетіне Кіші жүз руының ену процессі қадағалау.

Екінші жоспарлы отырыс Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінде келесі күні өтті.Оған философия ғылымдарынң докторы, профессор Т.Х.Рыскалиев, И.В.Ерофеева, Р.А.Бекназаров, Ш.А.Аманжолова, Г.Н.Ксенжик және т.б қатысты. Екі күн бойы өткен отырыс пен конференцияға төрағалық еткен тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Н.Сдықов.

Барлық қатысушылардың баяндамалары, Қазақ хандығының 550-жылдығы тарихи ғылымда және ұлттық зерттеу шеңберінде өзекті орын алатынын көрсетіп сонымен қатар көптеген отандық ғана емес сонымен қатар әлемдік тарих процессіне әсер етеді. Қазақ хандығының тарихын қазақтардың көшпелі өркениеті, ортағасырлық қалалардың дамуы, қазақ этносы мен қоғамының қалыптасуы мәселілер сияқты зерттеусіз оқу мүмкін емес

Конференция барысында Қазақ хандығының құрылуы мен және Батыс Қазақстанның этносаяси процессіне мысал ретінде Қазақ мемлекетінің эволюциясы қаралды. Мұнда Жайық өзенінің бассейнде Қазақ хандығының кіші жүз этносаяси орталығы қалыптасқан. XVI ғасырдың басында Сарайшық Қазақ хандығының астанасы болуы кездейсоқтық емес. Тұтас жүздің пайда болып және кіші жүздің ерекше дамуы Қазақстандық тарих ғылымында әлі күнге дейін талас тудырып, ал шетелдік ғылымда зерттелген жоқ. Біртұтас қазақ халқы және хандықтың бірігуі қазақ қоғамын ұйымдастыру ру-жүз-хандық сызбасы бойынша кезеңнен өтті. Қазақстан тарихын зерттеу және түсіну көп елдерде бірінші кезекте Ресей мемлекеті үшін Кеңес кезеңінің әдісі деңгейінде түсінікпен қалыптасқан. Сондықтан осы айтулы тарихи уақытты Қазақстан тарихының жаңаруы үшін жаңа қадам жасау үшін Ресей және шетелдік ғалымдардың назарын аудару маңызды.

Ғаламдар бір пікірден XVIII-XIX ғасырларда Қазақстан Ресей отарынан шығуы Бөкей хандығының құрылуы, саяси тәуелсіздік сақтауға қадам жасады делінді. Бұл кезең маңызды орын алады, себебі бастауын XV ғасырдың басынан алатын қазақ қоғамында хандық биліктің сабақтастығы туралы айтуға мүмкіндік береді.

Осылайша, конференция барысында саяси мемлекеттің құрылымын, орталық билікте, мәдениет, тіл және әлемдіккөзқарас тұтастығын сақтау, көшпелі әлемде шешуші рол атқарған Қазақ хандығы мемлекетінің қалыптасуына ерекше көңіл аударды. Осы кезеңде тарихи процестерде маңызды рөл атқарған Батыс Қазақстан аумағында өтіп жатқан қазақ қоғамының этно-саяси орталықтарының бірі.

Конференцияға қатысушылар резолюция қабылдады.

 Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих қойнауынан қазіргі заманға дейін» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының

Р Е З О Л Ю Ц И Я С Ы

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих қойнауынан қазіргі заманға дейін» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының баяндамаларын тыңдай келе,  қатысушылар берілген мәселенің уақтылы талқылануы мен өзектілігін атап өтті.

Қазақстан әлемдік қоғаммен қабылданған, егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде тарихтың жаңа кезеңіне қадам басуда. Еліміздің мемлекеттілігін ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ елінің дәстүрі мен мәдениеті құрайды. Сол себепті Қазақ елінің мәселелерін шешуде, мемлекеттілігіміздің бастауына, ортағасырлық, жаңа және жаңашыл тарихына, заманауи Қазақстанның даму үрдісіне  көңіл аудару қажет. 

Конференция қатысушылары жасалған баяндамалар барысында, Қазақ хандығының 1465 жылы еуразия кеңістігіндегі шиеленіскен этносаяси және тарихи үдерістерге қарамастан, мақсатты және нысаналы бағытта құрылған бірден бір ел екендігі туралы ортақ пікірде болды. Қазақ елінің тарих сахнасынан орын алғаны Ұлы даланың жаңа кезең бастауы болды. Қазақ хандары көршілес елдермен қатаң соғыс жағдайында мемлекеттің тарихи маңызды мәселелерін шеше білген:

- Жаңа мемлекет құрып, орталықтандырылған барқару негізінде барлық қазақтардың басын қосу;

- Сыртқы жаулармен күрес барысында халық пен мемлекет мүддесін қорғау, қазақтар мекен еткен шекараны берік ұстану,  бірыңғай мемлекет аумағын бекіту;

- Бүкіл халықтың мүддесін қорғайтын билік, басқару және сот жүйесін құру;

- XVI-XVII ғасырлардағы өзбек және жоңғар хандықтарымен ұзақ уақытқа созылған соғыста қазақ елінің байырғы мүдделерін қорғап қалу.

Кіші жүз бас қосқан Қазақ хандығының батыс аумағы бірыңғай мемлекетті қалыптастыруда маңызды және құрамдас бөлігіне айналды. Аймақта сол кезеңдегі ұлы тарихи оқиғалар орын алды.

XV-XVI ғасырларда Қасым хан, батыс өңірлердің толықтай Қазақ хандығының құрамына еніп, Сарайшықты еліміздің астанасы болуын қамтамасыз еткен, Ноғай Ордасымен қақтығыстарын өткізді. Осы XVII ғасырдан бастап Орыс елімен өзара қарым-қатынас үрдістері басталды.

Қатысушылар конференцияның Бөкей Ордасының астанасы, қазақ елі үшін тарихи маңызды да мәнді болған – Хан Ордасында өтіп жатқандығына назар аударды. Осылай біз XІX ғасырдағы отарлық тәуелділік кезеңіндегі қазақ мемлекеттілігінің тарихи дәстүрлерін сақтап қалған ата-бабаларымызға деген құрметімізді білдірудеміз.

1917 жылы біріккен Алаш партиясының, XX ғасырдың басында Оралдағы халықтық-демократиялық қозғалысы құрылды. Алаш Ордасының және оның Батыс бөлімінің құрылуы отандық тарих беттеріндегі ең жарқын оқиғалардың бірі. Ол қазақ қоғамының азаматтық кемелденгендігін, XX ғасырдың басында шиеленіскен әлеуметтік қарсылықтарға қарамастан, болашақ дамуы үшін маңызды мәселелерді қоя білген, қазақ саяси элитасы күш-қуатының өскендігін білдіреді.

Сол жылдары Бөкей Ордасында алғашқы Кеңестер өте бастады. СССР құрамында болған КАССР, одан әрі Казақ ССР-дегі қазақ елі шекаралық тұрақтылықты сақтап, қоғам мен экономиканың заманауи құрылымын жасақтап, Ұлы Отан соғысында жеңіске жетіп, көптеген интеллектуалдық салада алға жылжыды.

Қазақстанның заманауи даму кезеңі – қысқа уақыт аралығында Орталық Азия елдерінің көшбасшыларымен танылып, әлемнің 50 дамыған мемлекеттерінің қатарына қосылғандығы, егеменді және тәуелсіз мемлекеттің тарихтағы нық қадамы. Мемлекеттің даму Стратегиясы жалпы әлемде орын алған нысаналы үдерістермен және қазақ қоғамының құрамында белсенді жүріп жатқан өзгерістермен анықталады. Бұл жылдардағы жетістіктер мен табыстарымыз, қазақ елінің сенімі мен қолдауына ие болған Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Републикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты.

Қазақ хандығының 550 жылдығы осы маңызды оқиғаларға, олардың тарихи мәнділігіне қайта назар аудартты. Берілген мәселелерге тарихшы, археолог, этнограф, өзге іргелес ғылыми бағыттар бойынша ізін қуушылардың бірнеше ұрпақтарының зерттеулері негізінде бет бұруға мүмкіндік туды. 

Баяндамаларды және ұсынылған материалдар мен мақалаларды  талқылай келе, қатысушылар еліміздің мемлекеттік және саяси өзіндік орнын табуы негізінде  Қазақ хандығының құрылғандығы туралы ортақ пікірге келді. Алтын Орда ыдырағаннан кейін түрлі этнос өкілдерінің арасында орын алған шиеленістер кезінде хандықтың өзіндік беріктігі мемлекеттілікті ұстап қалды.

Қазақ хандығының және бүкіл қазақ мемлекетінің даму тарихын зерделеу ғалымдардың, қазақ тарихшыларының шетелдік әріптестермен белсенді қарым-қатынас орнатуын қажет етеді. Бұл ортағасырдағы еуразия кеңістігінде болған тарихи үдерістерге жаңа, заманауи көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп, қызықты нәтижелерге жетелейді. Жасалған қорытындыларға сәйкес қатысушылар тарапынан келесі РЕЗОЛЮЦИЯ жасалды:  

1. Қазақ хандығының құрылуын ұлттық тарихтың негізін салушы тарихи оқиға ретінде анықтап, зерттеу жұмыстарын қайта жандандыра отырып, берілген мәселелер бойынша шетел мамандарын тарту;

2. ҚР Білім және ғылым министрлігіне бүкіл Қазақстан аймақтарын қамти отырып, бірыңғай зерттеу бағдарламасын жасақтауға, еліміздің ғылыми зерттеу институттары мен ұйымдарына, жоғарғы оқу орындары тарих кафедраларының зерттеу бағдарламаларына сәйкес өзгертулер мен толықтыру енгізуге ұсыныс білдіру.

3. Отандық тарихтың дамуын қолдаушы мамандар мен ғалымдардың бірігуімен қоғамдық ұйым негізінде Қазақ тарихи қоғамын құру;

4. Батыс Қазақстан облысы тарихи және археологиялық зерттеу орталығына аймақтың тарихи шарттарын біріктіріп, көршілес Ресей Федерациясы облыстарынан ғалымдарды тарту. Осы мақсатта тек қазақ елінің ғана емес, сонымен қатар бүкіл еуразия кеңістігінің тарихын зерттеуде, Қазақстан мен өзге мемлекеттің жетекші ғалымдарынан құралған, кешенді біріккен экспедициялар және ғылыми топтар ұйымдастыру.

 2015 жылғы 26 тамыздағы                   

конференция қатысушыларымен қабылданды. 

Батыс Қазақстан облысы 

Бөкейорда ауданы 

Хан Ордасы ауылы 

 

БҚО – ның әкімі Н.А.Ноғаевтің құттықтау сөзі

Құрметті Бердібек Машбекұлы!

Құрметті конференцияға қатысушылар және қонақтар!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Астана қаласының активімен кездесуі кезінде Қазақ хандығының құрылғанына 550 – жылдығын 2015  жылы тойлау болып белгіленген болатын. Осы кездесуде Елбасы «Керей мен Жәнібек 1456 жылы алғашқы қазақ хандығын құрып, сол кезеңнен қазақ мемлекеттілігі өз бастауын алады. Сол уақытта мемлекеттіліктің негізі қаланса, ал біздер сол ата-бабаларымыздың ұлы істерін жалғастырушылармыз» - деп атап өткен болатын. 

1456 жылдың аяғында көшпелі өзбектердің Дешті-Қыпшақ мемлекетінің ханы Әбілхайыр мен  Ақорда ханы Орыстың ұрпақтары сұлтандар Жәнібек пен Керейдің арасында саяси келіспеушіліктің нәтижесінде құрамында 200 мыңға дейін жететін қазақ рулары мен тайпалары Дешті-Қыпшақтан Батыс Жетісуға қоныс аударып Моғылстан билеушісі Есенбұға мен бір одаққа бірігеді. Есенбұға өлгеннен кейін басқарусыз қалған елдегі саяси жағдай қазақ сұлтандарының Шу-Қозы басы мекенінде жергілікті, сонымен қатар Орталық және Оңтүстік Қазақстанннан Сарысу мен Сырдария, Арал өңірі мен Қаратау баурайларына қоныс аударған  тайпалар негізінде жеке саяси бірлік – Қазақ хандығын жасақтауға мүмкіндік жасады. Содан кейін Мұхамед Шайбанимен күрес барысында Қазақ хандығының қол астына Созақ, Сауран, Сығанақ  кірді.

Қазақ хандығы  Жошы ұрпақтары – Жәнібек пен Керейдің бірлескен қызметі негізінде құрылды. Бірақ, соның ішінде Махмуд ибн Уали «Керейді падиша» ретінде таныды, оның айтылған сөзі  Тарих – и-Рашидидің деректерінде және Мұхамед Шейбанидің  «Нұсрат-нама», «Фатх-нама», «Шейбанги-наме» және басқада тарихи шығармалары кезеңіндегі мәліметтерде толығымен дәлелденді.

Тарихсыз мемлекет, халық болуы мүмкін емес. Елімізде тарихты дәріптеп сақтауда көптеген жұмыстар жасалуда, соның ішінде «Халық тарих толқынында» бағдарламасы қызмет жасауда. 2010 жылдың 1 маусымында Астана қаласындағы Қазақстанның Тұңғыш Президенті мұражайының алдында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Керей мен Жәнібекке ескерткіш ашылды.

Бүгінгі күні біздер ежелгі тарихи Бөкейорда жерінде Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға жиналып отырмыз. 

Әлемдік тәжірибеде әрбір халық өзінің мемлекетінің қалыптасу кезеңін белгілі-бір этносаяси және этномәдениеттік үрдістерден бастайтыны белгілі. Сонау алыс 1645 жылы қатал күрес жағдайында Жәнібек пен Керей сұлтандар Еуразияның дала кеңістігінде жаңа мемлекет – Қазақ хандығының құрылғандығын жариялады, міне осы кезеңнен бастап біздің халықтың жаңа тарихи кезеңі басталды.

Тарих көрсеткендей барлық халық өз мемлекеттілігін құруға мүмкіндігі болмайды. Сондықтан барлық қазақстандықтар біздің мемлекеттілігімізді жасап, қорғап және сақтап қалған даңты ата-бабаларымыздың есімдерін білу маңызды. Біздің халқымыздың және мемлекетіміздің тарихи жолы жеңіл болмағанын білеміз. Қазақтарға әрқашанда көптеген басқыншылар алдында  өздерінің тәуелсіздігін дәлелдеп отыруға тура келді. 

Қазақ хандығының 550 жылдық мерей тойын кең түрде атап өту біздің халықтың ата-бабамыздың мұрат мақсаттарына беріктігін және біздің қоғамның біртұтастығын көрсетеді. Бүгінгі өткелі отырған халықаралық ғылыми конференция, осы тарихи оқиғаға байланысты жалпы ұлттық тойдың негізгі бөлігі болмақ.

Халықты батырсыз елестетіу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық олардың даңты есімдерін біледі. Солардың ішінде, бірінші кезекте мемлекетті қалыптастырған тұтас ер жүрек қазақ хандарын атаймыз. Олар Қасым хан, өзінің хандық құрған кезінде шекараны қазіргі кезеңдегі аумағына дейін кеңейтті және «Қасымның қасқа жолы» - атты заңдар жинағын құрастырды. Осы Қасым ханның билеген уақытында Қазақ хандығы қазіргі европалық-азиялық аренада саяси беделдікке ие болып белгілі болды. Қасым ханның кезінде хандықтың астанасы Жайық өзені жағасында орналасқан Сарайшық қаласы болды. Қазақ хандығымен алғашқы дипломатиялық қатынасты орнатқан ірі Орыс мемлекеті болды. 

XVI-ғасырда хандықтың дамуы Хакназар ханның есімімен тығыз байланысты, ол Өзбек хандығымен соғыс қақтығыс барысында мемлекетіміздің оңтүстік шекараларын қорғап сақтап қалды. XVII-ғасырда Қазақ мемлекетінің саяси жүйесіне түпкілікті жаңалық енгізген Есім хан болды, ол жабық негізде басқарған төрелік элитаны, ашық  типтегі – билердің және старшындардың басқару құзырына берді. Тәуке хан халық арасында зорлық-зомбылықты жеңуге бағытталған қазақ даласына түпкілікті өзгеріс әкелген жаңа конститутция енгізді. 

Әбілхайыр мен Абылай хандар билік құрған кезеңде сыртқы жаулардан, яғни Жоңғар хандығы мен Қытай империясынан халықты қорғап қалды. Олар Қытай мен Ресейдің колониялық қысым жағдайында икемді дипломатиялық саясат жүргізе отырып хандықты сақтап қалды.

Әрине Бөкейорда жерінде Ресей империясы жағдайында Бөкей хандығын құрған Бөкей мен Жәңгірді еске алмай кетуге болмайды. Бүгін солардың енгізген жаңалықтары арқасында казақ мемлекеттілігінің қазіргі және даму құбылысын көруге болады. 

Осы жылдары Бөкейорда жерінде алғашқы Кеңестер қалыптаса бастады. Қазақстан халқы ҚАКСР, содан кейін Қазақ КСР негізінде КСРО құрамында, территориялық тұтастығын сақтай отырып, экономика мен қоғамның қазіргі заманға сай құрлымын қалыптастырды, Ұлы Отан соғысында жеңіске жетіп, халық шаруашылығының көптеген саласында интеллектуальдық дамуға қол жеткізіп алға басты.

Қазақстанның қазіргі даму кезеңі – егеменді және тәуелсіз мемлекет аясында тарихи қысқа кезеңде Дүние жүзіндегі дамыған 50 елдің қатарына кіре отырып Орталық Азияда белгілі жетекші дамыған елге айналды. Мемлектіміздің даму стратегиясы тұтас әлемдегі және қазақстан қоғамының ішіндегі болып жатқан белсенді өгерістерге байланысты объективтік үрдістермен анықталады. Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішіндегі жеткен жетістіктері мен табыстары халықтың сүйіспеншілігі мен сеніміне және қолдауына ие болған Ұлт Көшбасшымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Сондықтан, мемлекетіміздің қазіргі тарихы – қазақстандықтардың мақтанышы болып табылады.

Құрметті конференцияға қатысушылар Сіздерге тарихи шындықты іздеуде және ұлттық тарих мәселелерді баяндауда шығармашылық табыс және нәтижелі жұмыстар тілеймін.

 

       Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары 

       Б.М.Сапарбаевтың  сөйлеген сөзінен.

Құрметті халықаралық ғылыми конференцияға қатысушылар!

Құрметті Нұрлан Асқарұлы!

Ешбір халық тарихсыз болмайды. Барша ұлт-ұлыс секілді қазақ халқының да өзіндік тарихы бар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлытау төрінде берген сұхбатында терең тарихымыз ғұндардан басталып, Алтын Ордада орныққандығын, одан әрі Қазақ хандығымен ұласқандығын, тәуелсіздік негізі сол кезде қаланғандығын айрықша айтқан болатын. Ру-тайпалар кезінде қазақтың өзінің тегін сақтап қалуы үшін хандарымыздың, батырларымыздың жасаған ерлігін, ерен еңбегін бәріміз тарихтан жақсы білеміз. Олардың қатарындағы Жәнібек, Керей, Есім, Қасым, Тәуке, Абылай, Әбілқайыр, Бөкей, Жәңгір секілді көрнекті ел билеушілердің мұраты – елді, жерді болашақ ұрпаққа, яғни  бүгінгі бізге көздің қарашығындай аман жеткізу болды. Соның арқа-сында қазақ халқы тарих қойнауына жұтылып кеткен жоқ, сақталып қалды. Ел тарихында Батыс Қазақстандағы Бөкей ордасының орны бөлек. 19-ғасырда қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей құрған, одан Жәңгір жалғастырған хандық мемлекеттіліктің, экономиканың, өнер, білім, мәде-ниеттің дамуына үлкен үлес қосты. Бабаларымыз Исатай мен Махамбет, Сырым сынды батырлар, күй атасы Құрманғазы, күй анасы Дина, қазақ мемлекетін құруда қажырлы қайрат көрсеткен қазақ әйелдері арасынан шыққан алғашқы коммунист Алма Оразбаева, қоғам қайраткері Сейітқали Меңдешев секілді танымал тұлғалар осы өңірдің тастүлектері. Осынау тұлғалардың қай-қайсысы да соңында айшықты іс, өшпес із қалдырды.

 Әрине, қазақтың қай жері де аңызға, әпсанаға бай. Осыны ескере отырып, Мемлекет басшысы Қазақ хандығының 55O жылдығын өткізу үшін арнайы комиссия құрды. Жыл басынан бері комиссия мүшелері барлық елді мекендерде түрлі шаралар ұйымдастырып келеді. Біздің негізгі мақсатымыз – Қазақ мемлекеті тарихының тереңде жатқандығын тек қана өз ішімізде ғана емес, дүние жүзіне кеңінен насихаттау. Тағы бір маңызды мәселе – Қазақстан тек қазақтың ғана емес, осы жерде тұратын жүздеген ұлттар мен ұлыстардың да Отаны. Олай болса, біздің байлығымыз – елдің бірлігі, халықтың тұтастығы, достық пен ынтымақ. Сол себепті мерейлі датаға қатысты шаралар Астана мен Алматының аясымен шектелмей, әр елді мекенде өтсін, оған сол ауылдарда тұратын түрлі ұлттардың өкілдері қатыссын деген ұйғарымға келдік. Күні кеше Түркістан, Ұлытау, Сығанақ, Қызылжар өңірлерінде ғылыми конференциялар болды. Енді, міне, Бөкей ордасына табан тіреп, үлкен халықаралық басқосудың куәгері болып отырмыз. Осында ұйым-дастырылған мерейтойға елге танымал, халыққа құрметті Асанәлі Әшімов бастаған бір топ ағаларымыз бен апаларымыз келді. Біз Қазақ хандығының қабырғалы тойын өзге шетелдерде де өткізуге ниеттіміз. Қазіргі таңда дүние жүзінің отыз мемлекетінде елшіліктердің көмегімен Қазақ хандығына байланысты іс-шаралар өтті. Жалпы, мерейтойдың негізгі бөлігі 11 қыркүйек күні Астанада басталады. Сол күні түркі тілдес елдердің саммиті болады, оған сол мемлекеттердің басшылары қатысады. Одан кейінгі шара 9-1O қазанда Тараз қаласында оздырылады. Ол – Жәнібек пен Керей алғаш ту тігіп, Қазақ хандығының уығын қадаған жер. Мен осы мінбені пайдаланып, облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы бастаған барлық батысқазақстандықтарға үлкен алғысымды білдіремін. Біз бұл тойды жоғары дәрежеде өткізуіміз керек. Сонда Елбасымыз айтқан «Мәңгілік ел» идеясына қарай нақты қадам жасаймыз.

 Конференцияның эмблемасы

    Конференция залынан көрініс

Конференцияның ашылуы

  Сдықов М.Н -  Батыс Қазақстан облыстық тари және археология орталығының директоры,  т.ғ.д., профессор (Орал, ҚР) 

    Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары Б.М.Сапарбаев қатысып сөз сөйледі

Конференция жұмысына Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.А.Ноғаев қатысып сөз сөйледі.

Қадырбаев А. Ш. – РҒА Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор (Мәскеу қаласы, РФ)

Модератор - Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының директоры, т.ғ.д., профессор Сдықов М.Н.

Ерофеева И. В. –  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ мәдени ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., (Алматы, ҚР)

Азнабаев Б. А. – РҒА Уфа ғылыми орталығының тарих, тіл және әдебиет институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., профессор, Башқұрт мемлекеттік университеті (Уфа, Башқұртстан Республикасы, РФ)

Конференцияға қатысушылар: Ксенжик Г. Н. - Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының жаңа тарих бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д.  (Алматы,  ҚР) 

Аманжолова Ш.А. – ҚР «Әділет» тарихи-ағартушы қоғамының басқарма мүшесі (Алматы, ҚР)

 

Викторин В. М. – Астрахань мемлекеттік университетінің Шығыс тілдер бөлімінің доценті, т.ғ.к., (Астрахань, РФ)

 Конференцияға қатысушылар Хан Ордасы ауылындағы Жәңгірханның, Салық Бабажановтың және Дәулеткерейдің кесенелері жанында

Конференцияның жалғасы Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық – техникалық университетінде.

Модераторлар -  Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология  орталығының директоры, т.ғ.д., профессор Сдықов М.Н. және Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры, профессор Н.Х.Серғалиев

 


Тарих қойнауынан қазіргі заманға дейін. – От истоков к современности.

Халықаралық ғылыми-тәжиребелі конференция матириалдары // редакцияны басқарған Сдықов М.Н. – Орал, 2015. – 368 б., 20 б. фото

ISBN 978-601-7542-48-1

Западно-Казахстанским областным центром истории и археологии был выпушен сборник «От истоков к современности» под редакцией Сдыкова М.Н. В книге опубликованы статьи участников международной научно-практической конференции «От истоков к современности», посвященной 550-летию Казахского ханства, которая проходила в Западно-Казахстанской области в Бокейординском районе в поселке Хан-Орда 26 – 27 августа 2015 года. Работы посвящены актуальным вопросам истории образования и развития казахского государства, взаимоотношениям с соседними народами и государствами, вкладу исторических личностей и многим другим вопросам внутренней и внешней политики Казахстана. Сообщения были представлены учеными ведущих научных и региональных учебных заведений городов Москвы, Уфы, Оренбурга, Астрахани, Самары, Алматы, Актобе и Уральска.

В конференции приняли участие и выступили с приветственной речью заместитель Премьер – Министра Республики Казахстана Сапарбаев Б.М. и аким Западно-Казахстанской области Ногаев Н.А. В своем выступлений Сапарбаев Б.М. отметил особую роль Бокеевской Орды в отечественной истории и особую важность празднования 550-летия образования Казахского Ханства. В своей речи Ногаев Н.А. говорил о ханах и исторических личностях, которые сумели сохранить суверенитет Казахского ханства.

В сборнике опубликовано 25 статьей: Кумекова Б.Е., Ерофеевой И.В., Абжанова Х.М., Ксенжик Г.Н., Сдыкова М.Н., Атыгаева Н.А., Азнабаева Б.А., Аманжоловой Ш., Зайцева И.В., Эминова Р.Р., Ажигали С.Е., Бекназарова Р.А., Кушкумбаева, Викторина В.М., Ишмухамбетова Р.В., Тасмагамбетова А.С., Рыскалиева Т.Х., Жаксыгалиева Ж., Исмурзина Ж., Хайдарова Е.Е., Ерназарова Ж.Т., Лукпановой Я.А., Исаковой А.С., Саркуловой Г.С., Тулепова Н.Ж., Крыгина А.П., Утепбаева У.А..

Статьи ученых охватывают различные хронологические рамки от эпохи бронзы до современного периода и отличаются своей научной новизной, предлагая новые концепции и теории в истории Казахстана.

Книга содержит фотографии с надписями, где можно проследить ход международной научно-практической конференции и ознакомится с докладчиками.

Издание предназначено для широкого круга читателей и может использоваться как научное пособие по истории так, как здесь объединены работы видных отечественных и зарубежных исследователей.

Background Image

Header Color

:

Content Color

: