Кіру

Жеке бөлмеге кіру

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
мені есте сақтау

  8(7112)  51-52-26

   8(7112)  51-52-26

Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстанның қазіргі астанасы Астана қаласы күніне арналған «Астанадан астанаға» атты халықаралық ғылыми экспедицияның пресс – релизі

ҮЕҰ « Батыс Қазақстанның «Ақжол» ғылым және білім қоғамдық қоры және Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қатысуымен Орал – Атырау – Сарайшық – Хан Ордасы – Орынбор – Орал маршрутымен халықаралық ғылыми экспедициясын ұйымдастырады. Экспедицияның өтетін уақыты 21 – 25 маусым 2015 жыл.

Экспедицияның негізгі мақсаты Қазақстан және Ресей ғылыми қоғамдарын Қазақстанның ұлттық тарихының өзекті мәселелеріне көңіл аудартыу, Қазақ хандығының 550 жылдығының айрықша оқиғаларын насихаттау және Қазақстанның қазіргі астанасы Астана қаласын дәріптеу. Экспедицияның «Астанадан астанаға» - дейін деп аталуы кездейсоқ емес, өйткені маршрут кезінде қазақ жерінің астанасы болған елді мекендер мен қалалар арқылы өтеді. Бұл Сарайшық – XVI ғасырдағың басындағы Қазақ хандығының астанасы, Хан Ордасы – XIX – ғасырдың бірінші жартысындағы Бөкей хандығының астанасы, ал Орынбор қаласы – 1920 – 1925 жылдардағы Қазақ АКСР – ның астанасы.

Ұлттық тарихтың басты өзекті мәселелерінің бірі, бұл мемелекеттіліктің пайда болып қалыптасуы және дамуы болып табылады. Бұл үрдіс қазақстарда өзінің бастауын көшпелі өркениет пен мәдениеттің қалыптасуы кезіндегі шаруашылық – мәдени тип сипаты негізінде пайда болып, тілдік, дәстүрлік және әдет-ғұрыптық негізде қалыптасуынан алады. Мемлекеттің өзі ұлан-ғайыр территориядағы көшпелі тайпалардың ұзақ этносаяси эволюциясы нәтижесінде пайда болып, XV ғасырда қазақ этносы мемлекеттілігінің негізі қаланды.

Осындай тұжырым ғылыми және тәжрибелік басты маңызға ие болады. Қазақстандық тарихи жылнамада, ол бірнеше тархшылар ұрпақтарының зерттеуімен дәлелденді. Бірақ, көрші мемлекетттерде, соның ішінде Ресейде бұл тұжырым әр түрлі бағытта қарастырылады. Бізге маңызды тақырыпты ашып қарастыруда негізінен ескірген концепциялар мен ғылыми көзқарастарға сүйене отырып басқаша бағытта қарастырады. Сондықтан ресей ғалымдарымен тұрақты кең түрде байланыс орнатып зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу ұлттық тарихты зерттеуде көптеген мәселелерді қозғай отырып көрші мемлекеттердегі үрдістерді қарастыруда бірлесе отырып өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Сондықтан, осы тарихи датаға ресей тарихшыларының көңілін аудару Қазақстан тарихын ашуда Ресейде жаңа көзқарасты қалыптастыруға жағдай жасайды.

Бұндай жұмыс формасы, яғни бірлескен ғылыми экспедиция ғалымдарға өзекті мәселелер бойынша өз-ара пікір алмасуға және әрбір шақырылғандардың жеке түрде барлық іс-шараларға қатысуға толық мүмкіндік береді. Экспедиция құрамында Мәскеу, Орынбор, Самара, Астрахань, Астана, Атырау және Орал қалаларынан ғалымдар мен мамандар бар.

Экспедиция құрамы:

1. Сатыбалдиев М.Қ. – Орал қаласы әкімінің орынбасары, экспедиция жетекшісі (Орал)

2. Сдықов М.Н. – т.ғ.д., экспедиция бастығы (Орал)

3. Нарымбетов Б. – қала әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бастығы (Орал)

4. Рамазанов С.К. – г.ғ.к., (Орал)

5. Жданов С.И. – б.ғ.к., (Орынбор)

6. Зиливинская Э.Д. – т.ғ.д., (Мәскеу)

7. Богданов С.В. – т.ғ.к., (Орынбор)

8. Лифанов Н.В. – т.ғ.к., (Самара)

9. Палкин А.Г. – з.ғ.к., (Орынбор)

10. Жарханалиев Д.И. – т.ғ.к., (Астрахань)

11. Жданов М.С. – ғылыми қызметкер (Орынбор)

12. Марыксин Д.В. – ғылыми қызметкер (Орал)

13. Ахмет А.К. – т.ғ.д., (Атырау)

14. Қуаныш С., - т.ғ.к., (Атырау)

15. Жұамаділов Ж. – Қазақстанның стратегиялық зерттеу институтының сарапшысы (Астана)

16. Жолбарыс Н. – БақКZ порталы бас редакторының орынбасары (Астана)

17-19. БАҚ – 3 адам

20-24. Көлік жүргізушілер – 5 адам.

Барлығы - 24 адам.

Экспедиция бастауын 2015 жылдың 21 – маусымында Орал қаласынан алады. Маршрут бойынша алғашқы кідіріп тоқтау Чапаев ауылы, бұл жерде экспедицияға қатысушылар мұражайды және ауылдың басқада орындарын аралап көреді. Кешке Сарайшық ауылында аялдап қалашықты, мұражайды аралайды және жергілікті жұршылықпен кездеседі.

22 – маусым күні экспедиция Атырау мемлекеттік университетінен бастауын алып жалғастырады және осы күні экспедицияға Атырау ғалымдары қосылады. Осы күннің екінші жартысында экспедиция Хан Ордасы ауылына келіп, Хан Ордасы мұражай кешенін аралайды және мұражай қызметкерлері мен жергілікті жұртшылықпен кездесу өткізеді.

23 – маусым күні экспедиция маршруты Жаңақала ауылына басын тіреп аудан орталығының тарихи орындары мен ескерткіштерін, соның ішінде Тастөбе ескерткішін тамашалайды. Кешкісін экспедиция Орал қаласына келеді.

24 – маусым күні – Орал қаласынан шығып Орынбор қаласына жетпек. Орынбор қаласында Қазақстан тарихына байланысты тарихи орындарды және облыстық мұражайды аралап көрмек. Сағат 15.00 – де Қазақстандық және Ресейлік ғалымдардың қатысуымен «Орынбор ресей-қазақстан достығының тарихи қилысы» атты Халықаралық дөңгелек үстел өткізіледі. Осы жерде экспедиция жұмысы қортындылады және сәйкесінше ұсыныстар қабылданады.

Экспедицияны ұйымдастыру алқасы

Экспедицияға қатысушылар Орал қаласының әкімі А.С.Көлгіновтің қабылдауында

Экспедицияға қалалық әкімдігі ғимаратынан бастау берілді

 Атырау қаласы. Экспедицияның ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор М.Н.Сдықов және Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, ф.ғ.д., профессор Б.Б.Мамраев

 

Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіндегі ғылыми-тәжрибелік конференция

XVI ғасырдың басында Қасым хан билік құрған кездегі Қазақ хандығының астанасы болған атақты Сарайшық қаласының орны

Қазақ хандығы хандарының пантеоны

Сарайшық қалашығының мұражай кешені


 

Хан Ордасы ауылы – Бөкей хандығының астанасы (XIX ғ.). Экспедицияға қатысушылар Бөкейордасы мұражай кешені территориясында

Экспедицияға қатысушылар Жәңгірханды, Салық Бабажановты және Дәулеткерейді еске алды.


 

Орынбор – Қазақ АКСР – ның астанасы (1920 – 1925 жж.). Экспедицияға қатысушылар Орынбор қаласының тарихи-есекерткіш орындарын аралап көрді.

Орынбор қаласындағы ұлттық ауылдағы қазақ үй-жайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ресей-қазақстандық доңгелек үстел

Экспедиция аясында Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Қ.Сатыбалдиев пен Орынбор қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары А.А.Шевченконың кедесуі

 

 

От столицы – к столице.

Материалы научной экспедиции, посвященной 550-летию Казахского ханства. / Под редакцией М.Н. Сдыкова. Ответственный редактор – Марыксин Д.В. – Уральск, 2015 – 196 с., 24 с. Фото

ISBN 978-601-7542-41-2

Сборник, посвященный 550-летию Казахского ханства, содержит доклады, озвученные в ходе казахстанско-российской научной экспедиции «От столицы – к столице», которая была подготовлена и проведена Западно-Казахстанским общественным фондом науки и образования «Акжол» при поддержке акимата г. Уральск. Экспедиция прошла по маршруту, объединившему бывшие казахские столицы – Сарайшык, Хан – Орду и Оренбург. Книга также содержит в себе материалы международного круглого стола «Оренбург как исторический перекресток российско-казахстанской дружбы», который прошел в Оренбурге.

С приветственным обращением к участникам экспедиции выступил аким г. Уральск Кульгинов А.С., в своем обращении он отметил, что одним из актуальных вопросов национальной истории – это углубленное изучение возникновения, формирования и развития государственности.

Основная часть статей посвящена столицам Казахского ханства – государства и городам, которые сыграли немало важную роль в истории Казахстана. В работах отражены структура и климатически е особенности столиц Казахского ханства в разные исторические периоды, а также их зарождение и распад.

В сборнике опубликованы статьи Сдыкова М.Н., Махимова Г.Т., Киселевой - Аманжоловой Д.А., Зиливинской Э.Д., Куаныша С.О., Ахмета А.К., Сафонова Д.А., Тургай Т.И., Палкина А.Г., Жарханалиева Д.И., Марыксина Д.В., Алимбаевой Б.Б., Рамазанова С.К., Моргунова К.А., Рахманова Н.

Сборник раскрывает проблему возникновения, формирования и развитие столиц и городов существовавших на территории Казахстана. Книга рассчитана на широкий читателей как в Казахстане, так и в России.