Кіру

Жеке бөлмеге кіру

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
мені есте сақтау

  8(7112)  51-52-26

   8(7112)  51-52-26

Алаш қозғалысы және Алаш Орда Үкіметінің 100 жылдығына арналған «АЛАШТАН ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ БІРІГУІНЕ» атты халықаралық ғылыми конференция

Алаш қозғалысы және Алаш Орда Үкіметінің 100 жылдығына арналған

«АЛАШТАН ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ БІРІГУІНЕ» атты халықаралық ғылыми конференция

2017 жылдың 20 қазан күні Орал қаласында Салтанат сарайының конференц-залында Алаш қозғалысының және Алашорда Үкіметінің 100 жылдығына арналған «Алаштан тәуелсіздікке және Қазақстанның ұлттық бірігуіне» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Конференция жұмысына Ресей, Өзбекстан, Жапония, Қазақстан ғалымдары қатысты. Олардың арасында Уяма Тамахико – профессор (Жапония), Д.А.Аманжолова – Ресей Ғылым академиясының Ресей тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор (Мәскеу қаласы, Ресей), В.В.Рысқұлов – Тұрар Рысқұловтың ұрпағы (Мәскеу қаласы, Ресей), К.К.Раджабов – Өзбекстан Ғылым академиясы Тарих институты, т.ғ.д., профессор (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы), В.С.Христофоров - РҒА мүше-корреспонденті, профессор, Ресей Ғылым академиясының Ресей тарих институтының бас ғылыми қызметкері, Жүсіп Сұлтан хан Аққұлұлы – Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры, РһD докторы және басқалары бар. Сонымен қатар, өлкетанушылар, ардагерлер, ғалымдар мен жоғарғы оқу орындарының оқытушылары және бұқаралық ақпарат өкілдері шақырылды.

Конференция жұмысында Алаш қозғалысы мен Алашорда Үкіметінің методологиялық принциптерін зерттеудің, тарихтың, тарихи жылнаманың, тарихи  деректанудың өзекті мәселелері талқыланды. Ғалымдар өз баяндамаларында конференция жұмысының негізгі бағыттары бойынша жүргізілген  жаңа зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ортаға салды. 

Конференция жұмысы негізгі баяндамалардың нәтижелері бойынша талқылаулардан тұратын екі пленарлық мәжіліске бөлінген. Конференцияның екінші бөлімі 2017 жылдың 21 қазанында орынбор  және конференцияға қатысушы ғалымдардың қатысуымен Орынбор қаласында Н.Крупская атындағы кітапхананың конференц-залында дөңгелек үстел түрінде өтті.

Конференцияның жұмыс нәтижелері бойынша Алаш қозғалысы тарихының ақиқатын ашу мақсатында зерттеудің негізгі бағыттарын анықтайтын қарар қабылданды.

 

«Алаштан тәуелсіздікке және Қазақстанның  ұлттық бірігуіне» атты халықаралық ғылыми конференцияның 

ҚАРАРЫ

20 қазан 2017 жыл

Салтанат сарайының конфернц-залы

Орал қаласы, Қазақстан Республикасы

Алаш қозғалысының және Алашорда Үкіметінің 100-жылдығына арналған «Алаштан тәуелсіздікке және Қазақстанның  ұлттық бірігуіне» атты халықаралық ғылыми конференция 2017 жылдың 20 қазан күні Қазақстан Республикасының  Орал қаласында өтті.

Алашорданың Батыс бөлімшесінің құрылуы және қызметі Отан тарихындағы  жарқын беттердің бірі болып табылады. Ол сол кезеңдегі қазақ қоғамының және қазақтың саяси элитасы күшінің өскендігін, азаматтық тұрғыдан  пісіп жетілген деңгейін көрсете отырып XX ғасырдың басындағы әлеуметтік қарама-қайшылық жағдайға  қарамастан болашақ тағдыр шешті мәселелерді шеше алатын мүмкіндікке ие болды. Осы жылдары қазіргі Қазақстанның көптеген саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың сабақтары бастау алады. 

Әсіресе, бұл мәселелерді зерттеуде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді» деп ерекше атап көрсеткен.

Конференцияның мақсаты Алаш қозғалысы мен Алашорда Үкіметі тарихының, тарихи жылнамасының, тарихи  деректануының өзекті мәселелерін қарастырып талқылау, мәселені зерттеу бойынша негізгі концепцияларын жасақтау, сонымен қатар әр түрлі ғылыми бағыттар өкілдерінің дискуссиялық зерттеу мәселелері тұрғысынан түрлі елдер ғалымдары арасында ғылыми байланыстар орнату.

Конференцияны Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің және Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы ұйымдастырып отыр.

Конференцияның академиялық жұмысына іштей және сырттай баяндамалары түрінде  40 астам зерттеушілер өз жұмыстарын ұсынды. Конференция жұмысына Алаш қозғалысы тарихын зерттеу бағыты бойынша  Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Жапония елдерінің  белгілі ғалымдары, қоғамдық ұйымдардың, білім және ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты. 

Алаш қозғалысының және Алашорда Үкіметінің 100-жылдығына арналған «Алаштан тәуелсіздікке және Қазақстанның  ұлттық бірігуіне» атты халықаралық ғылыми конференция жұмысының материалдары бойынша жинақ шығарылады. 

Конференцияға қатысушылардың пленарлық отырыста  ұсынған  тақырыптар мен ғылыми зерттеу бағыттарын талқылау барысында «Алаш» партиясы мен «Алашорда» Үкіметінің тарихи, тарихи жылнамасы, тарихи дереккөздері базасы бойынша зерттеу жұмыстарының теориялық және практикалық өзектілігінің мәні зор екендігін дәлелдеді.

«Алаштан тәуелсіздікке және Қазақстанның  ұлттық бірігуіне» атты халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысушылар «Алаш» қозғалысы мен «Алашорда» Үкіметінің тарихын әлі де толық анықтап зерттеу мақсатында әр түрлі елдер ғалымдары бірлесе отырып, ғылыми жұмыстарын жалғастыруды қажет санайды. Осы бағыт бойынша ғалымдар төмендегідей мәселелерге көңіл аудару қажет деп есептейді:

1. Алаш тарихы туралы әр түрлі елдердің архивтерінде сақталған материалдар мен құжаттар бойынша өзекті мәселелерін зерттейтін ғалымдардың бірлескен консорциумын жасақтау немесе тұрақты халықаралық ғылыми семинарларын ұйымдастыру;

2. Әр түрлі елдерде ғалымдарды кең көлемде қатыстыра отырып халықаралық ғылыми семинар отырыстарын өткізу;

3. Алаш тарихы туралы бірлескен зерттеулер мен ғылыми жобалар ұйымдастыру, құжаттар мен материалдарын, оқулықтар басып шығару;

4. Алаш жетекшілерінің өмірі мен қызметі, соның ішінде Жаһанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов және ұлттық-азаттық Алаш қозғалысы және Алашорда автономиясы бойынша олардың серіктестері туралы деректі кинохроникалық фильмдер түсіру.

5. Алаш тарихы бойынша жаңа құжаттар мен материалдардын іздестіріп, оны  ғылыми айналымға ұсыну мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын кеңейту;

6. Самара қаласында (Ресей Федерациясы) Әлихан Бөкейханов тұрған үйге мемориальдық тақта орнату мүмкіндігін қарастыру үшін Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының  ресим органдарына ұсыныс жасау;

7. Қазақстан Республикасының үкіметіне Алашорда қазақ автономиясының астанасы құрметіне Семей қаласына Алаш  атауын  қайта қалпына келтіру мақсатында ұсыныс жасау.

Осы қарар 2017 жылдың 20 қазанында конференцияның пленарлық отырысында қабылданды

Төраға - М.Н.Сдықов

Хатшы - Н.М.Тукешева