Кіру

Жеке бөлмеге кіру

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
мені есте сақтау

  8(7112)  51-52-26

   8(7112)  51-52-26

<body bgcolor="#ffffff" text="#000000"> <a href="http://ww17.4joomla.org/?fp=O8LsFXz0OjK6Tt0UksHWL3QSH01wNxIMJ0ozfk57YLfe5Q0Mmhr6fEXfzje2pnU5gTVvlEu33XIwIzR3h1FSDdqstPdylq0Bqk4WfXzZwLZmMM4S8gs8s4WvCPvZvfky1vAamJNsKNtBoa7jXKUbSd9xVASRZ%2ByUp1%2BSvhCSlqw%3D&prvtof=PW%2BGBlMOlrHaHsHeYL8rSHjwu3NEVsZxKmCdUAkx1YY%3D&poru=L8ua3AQJ6cAAlSpRi4uINzMSGJKd0%2B749%2B9hCRxRdQQXpt7uv7HT4v%2FKAszGUzMaJaw6xoun4JBbBGi9sII5Vz1gQDRUYjRL1%2Fxr4p0jSR7Pxo4Qx%2BqsnFSvsRwAPeBq&">Click here to proceed</a>. </body>

Сырым Датұлының 275 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми конференция

Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің қолдауымен, БҚО мәдениет, архивтер, құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың  22 қыркүйек күні сағат 10.00  - де облыстық қазақ драма театрында қолбасшы батыр, би, шешен, 1783-1797 жылдардағы Кіші жүз  руларының  орыс отаршыларына қарсы  ұлт-азаттық  көтерілісінің  жетекшісі Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда Қазақстандағы XVIII-XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілістердің тарихы, деректері және Сырым Датұлының тарихи тұлға ретінде зерттелу мәселелері талқыланды. 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

- Сырым Датұлы- XVIIIғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі;

- Қазақстан ғасырлар тоғысында: тәуелсіздік пен бостандық жолындағы күрес (XVIII-XIX ғ.ғ.);

Сырым Датұлының қазіргі заман тарихында тарихи тұлға ретінде зерттелуі;

Конференцияға белгілі ғалымдар, ЖОО-ның оқытушы-профессорлары, ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері қатысты. 

 

Сырым Датұлының 275-жылдығына арналған республикалық ғылыми конференцияның ҚАРАРЫ

Қазақстан Республикасы, Орал қаласы

Қазақ драма театры

22 қыркүйек 2017 жыл.

2017 жыл 22 қыркүйекте Орал қаласында Сырым Датұлының 275 жылдық мерейтойына орай, республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция оздырылып, оның жұмысына Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Орал қаласының тарихшы-ғалымдары мен зерттеушілері қатысты.

Сырым Датұлы (1742-1802) – қолбасшы батыр, би, шешен, 1783-1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс отаршылдарына қарсы ұлт–азаттық көтерілістің жетекшісі. Ол өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан елді босатуға зор үлес қосып, Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған казактарға қатысты соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт–азаттық көтерілістің негізгі себебі–патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болды.

Конференцияда талқыланған мәселелер бойынша Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық құндылықтарымызды сақтауға ерекше мән беру керек екеніндігімізге тоқталып, біз тарихтың сабағын айқын түсіну керек деп атап өткеніндей тарихымыз жаңаша зерттеулерімен толықты.

Конференцияға қатысушылардың баяндамаларында XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістердің тарихы, , Сырым Датұлының тарихи тұлға ретінде зерттелу мәселелері, қазақ қоғамындағы жағдайлар, сол кезең туралы жаңа құжаттар мен деректер талданып, Отандық тарихтың теоретикалық-әдіснамалық жақтары талқыланды. Табылған тың деректер де ұсынылды. Олардың қатарында Сырым Датұлының ұрпақтары Арынғазы хан мен Жүсіп Сырымұлы туралы тың деректер қамтылды.

Сырым Датұлына қатысты тың деректерді жариялауда әлі де кеңестік мектептің әсері байқалады. Бұл қазіргі заманда қолдануға келіңкіремейтін терминологияны қолданудан немесе Сырымды Нұралы ханға, Қаратай сұлтанға қарсы қоюдан байқалады. Сондықтан Сырым батырдың тұлғасына қатысты әлі де зерттей-зерделей түсуді қажет ететін тұстар көп.

Конференцияның қарастырған басты мәселелері Сырым Датұлының отаршылдық езгісіне қарсы күрескен, ол бүгінгі біздің азаттық, бостандық, тәуелсіздік жолында тұрған ең бірінші тұлғалардың бірі ретінде айшықтау. Сонымен бірге тәуелсіздік тұсында батыр бабаның тұлғасына қызығушылық бәсеңдеген жоқ, қайта арта түсті.

Конференцияның пленарлық отырысында көтерілген және талқыланған мәселелер ғылыми зерттеулердің өзектілігін көрсетеді.

Конференцияға қатысушылар талқылаған мәселелер бойынша белгілі деректерді негізге ала отырып, баяндамашылардың көтерген мәселелерін қарастыра келе, төмендегідей қорытындыға келді:

1. Қазақстан тарихшы-ғалымдарына Сырым Датұлына қатысты зерттеу жұмыстарын жалғастыру;

2. Бүгінгі ғылыми айналымға Сырым Датұлы туралы зерттеулер Өзбекстан, Түркия елдерінің архивтеріндегі құжаттар әлі қосылған жоқ. Сондықтан Өзбекстан, Түркия елдерінің архивтері мен кітапханаларында зерттеу жұмыстарын жүргізу;

3. Сонымен бірге, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес Ресей жеріне Батыс Қазақстан облысы тарихшыларын архивтерге жұмыс жасау үшін Мәскеуге іс-сапарлар ұйымдастыру;

4. Ресей архивтерінде Сырым және онымен араласқан би – батырға қатысты көптеп кездесетін мәліметтерді жинақтап, арнайы кітап етіп шығару;

5. ҚР Сыртқы істер министрлігі және Үкімет арқылы Сырым батырдың жерленген жерінен алынған материалды ДНК зерттеу жүргізу, екіншісі - Сырым батырдың сүйегін өзінің туған жеріне әкеліп қайта жерлеу;

6. Сырым Датұлына байланысты оздырылатын ғылыми-тәжірбиелік конференцияны 5 жылда бір рет өткізуді дәстүрге айналдыру.

Резолюция 2017 жылы 22 қыркүйекте қабылданды.

Төраға Ә.Қ. Мұқтар

Хатшы Қ.Қ. Ташай

Background Image

Header Color

:

Content Color

: