Кіру

Жеке бөлмеге кіру

Пайдаланушы аты *
Құпия сөз *
мені есте сақтау

  8(7112)  51-52-26

   8(7112)  51-52-26

Батыс Қазақстандағы археологиялық зерттеулер тарихы

 Батыс Қазақстан археологиялық ескерткіштерін алғашқы рет ғалымдар тарапынан зерттелуі М.С.Бабаджанов, А. Харузин, И.А. Кастанье, Терещенко есімдерімен байланысты. Аталған ғалымдардан кейін Батыс Қазақстан аймағындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеушілер: А.Л. Аниховски, А.В. Попов. М.Л. Юдин т.б

 

Кеңес дәуірі кезеңінде зерттеу жұмыстары 20-жылдардың ІІ жартысында жанданды. 1925-27 жылдары П.С. Рыковтың, М.П. Грязнованың және М.В. Комарованың, О.А. Кривцова Граковалардың басшылығыме экспедициялар жұмыс жасады.
Соғыс жылдарына дейінгі зерттеу материалдары қазіргі таңда да, өз құндылығын жойған емес. Зерттеу барысында жинақталған материалдар, облыс тарихын зерттеуде кеңінен қолданылып келеді. 1948 жылы Батыс Қазақстан аймағында археологиялық қазба жұмыстары қайтадан қолға алынды. Саратов мемлекеттік университеті, Саратов облыстық мұражайының бірлесуімен И.В. Синицинаның басшылығымен үш жыл бойы 1948-1950 жылдары, сонымен қатар Тарих, археология және этнография институтымен (Т.Н. Сенигова) Орал маңы, Райым өзені, Самар-Қамыстары, Үлкен және Кіші Өзен жағалаулары зерттелді. Жалпы алғанда, 1926-1953 жылдар аралығында облысымызда 80 оба қазылды.

Орал ғалымдарының алғашқы археологиялық зерттеу жұмыстары, А.С. Пушкин атындағы педагогикалық институтымен (қазіргі М. Өтемісұлы атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті) Г.И. Багрикованың басшылығымен ұйымдастырылды. Зерттеу жұмыстары Шыңғырлау ауданындағы, ерте темір дәуірі кезеңінің ескерткіші, Лебедевка обалар кешенінде жүргізілді.

Облысымыздағы археологиялық жұмыстардың жоспарлы түрде жүзеге аса бастауы, Ғ.А. Қошаевтің есімімен тығыз байланысты. 1968-1992 жылдары Ғ.А. Қошаев Орал археологиялық экспедициясын басқарды. Орал археологиялық экспедициясының жұмыстарына 1969-1975 жылдар аралығында Мәскеу археологтары, М.Г. Мошкованың басшылығымен қатысты. Жалпы осы жылдар аралығындағы экспедицияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша облыс аймағында 400-астам оба зерттеліп, 700- ден астам жаңа ескерткіштер анықталды. Ғ.А. Қошаев өзінің «Орал облысының археологиялық картасы» атты еңбегінің алғашқы нұсқасында 811 археологиялық ескерткіштерді көрсетеді.
Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесімен бірге, атап өтерлік жетістіктердің бірі- Орал археологиялық мектептің құрылуы болды. Бұл мектептің негізі қалаушылар: Ғ.А. Кушаев,Б.Ф. Железчиков, В. Кригер және т.б. Бірақ, өкінішке орай 80 жылдардың ортасында бұл мектеп өз жұмысын тоқтады. 1994 жылы Ғ.А. Қошаевтің қайтыс болуымен, облысымыздағы жоспарлы түрде жүргізіліп отырылған археологиялық зерттеу жұмыстары тоқтады.
Археологиялық зерттеу жұмыстарының қайта жанданып, жаңғыруы 2001 жылдан бастау алады. Бұл жылдары профессор М.Н. Сдықовтың және Ә.Марғұлан атындағы археология Институты, академик Қ.М. Байпақовтың басшылығымен, археологтар тобы бірлескен қазба жұмыстарын 2001 жылдан бастап, қайта жүргізді.
Алғашқы жылдан-ақ, экспедиция жұмыстарын жинақтап, зерттеп, жариялап отыратын мамандандырылған ғылыми орталық қажеттігі туындады, сол мақсатта 2002 жылдың 22 ақпанында облыс әкімі шешімімен облысымызда, жалпы Қазақстан бойынша тұңғыш ғылыми орталық құрылды. Батыс Қазақстан облысының тарих және археология орталығының атқарған жұмыстарының нәтижелеріне көз жібере отырып, қабылданған шешімнің дұрыстығына көз жеткізуге болады.

 

Профессор Г.А. Кушаев.

П.С. Рыковтың фотосы

РФ корреспондент мүшесі,

Дала Институт директоры Чибилев А.А.